Елорда • 29 Сәуір, 2022

Ертең елордадағы оқушылар арасындағы олимпиаданың қорытындысы шығады

546 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

30 сәуір күні елордалық Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша І өңірлік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді. Зияткерлік сайыстар Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Дарын» РҒПО қолдауымен Қазақстандағы балалар жылын мерекелеу аясында «Астана дарыны» КҚКО ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ертең елордадағы оқушылар арасындағы олимпиаданың қорытындысы шығады

Химия және биология пәндерінен бірінші өңірлік олимпиада зияткерлік дарынды балаларды ерте анықтау, білім алушылардың пәндерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада 28 және 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында 2 турда (теориялық және практикалық) өткізілді. Оған Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Ақмола облысы, қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларынан командалар қатысты.

149 жас зияткер өзінің барлық білімі мен іскерлігін көрсете отырып, химия мен биологиядан күрделі олимпиадалық есептерді шешуде жарысты. Химия пәні бойынша 84 оқушы қатысты, оның ішінде: 7 сынып - 32 оқушы, 8 сынып-52 оқушы. Биология пәні бойынша -66 қатысушы: 7 сыныптар -40 оқушы, 8 сыныптар – 26.

Зияткерлік жарыстарға қатысу оқушыларға олардың жеке өсуі мен дамуына, өмірде жетістікке жету үшін қажетті жаңа білім алуға, тәуелсіз ойлауды игеруге және олардың қабілеттері мен мүдделерін анықтауға көптеген мүмкіндіктер береді.

Олимпиаданың демеушісі қайырымдылық қызметімен танымал, әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы - «Эксон Мобил» компаниясы болды.
Марапаттау рәсімінде олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Дарын» РҒПО I, II,III дәрежелі дипломдары және демеушінің сыйлықтары табыс етіледі.