Аймақтар • 30 Сәуір, 2022

Көкшетауда салынатын ЖЭО құрылысына тендер өткізіледі – ҚР Энергетика министрлігі

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Көкшетау қаласында ЖЭО салу» жобасы бойынша тендер өткізеді, деп мәлімдейді Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме беріп.


 

Көкшетауда салынатын ЖЭО құрылысына тендер өткізіледі – ҚР Энергетика министрлігі

«Электр энергетикасы туралы» Заңның 15-6 бабына сәйкес «Көкшетау қаласында ЖЭО салу» жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды (жаңа электр станциясы) салуға тендер өткізеді. Жаңа жылу-электр орталығы электр және жылу энергиясын өндіру үшін салу жоспарланған» деп жазылған хабарламада.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес жаңа электр станциясының талап етілетін техникалық параметрлері: электр қуаты – кемінде 240 МВт; жылу қуаты – кемінде 520 Гкал/сағ. Жылу-энергия орталығының құрылысын 2 кезеңге бөлу қарастырылады. ТЭН-де көрсетілген техникалық сипаттамалар бойынша толық ақпаратпен танысу үшін осы сілтемеге өту қажет.

Тендер «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына және Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізілетін болады. «Тендерді өткізу және жобаны іске асыруға қатысты сұрақтарды 2022 жылдың 31 мамырына дейін байланыс телефоны 87172 74-06-03, 87172 74-11-55 немесе a.tukenov@energo.gov.kz және murat.abulkalykov@energo.gov.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз», делінген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.