Елорда • 01 Мамыр, 2022

Елордада субұрқақ алаңдары іске қосылды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Елордада субұрқақтар жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 


 

Елордада субұрқақ алаңдары іске қосылды

1 мамырдан бастап елорданың 4 ауданы бойынша бірнеше субұрқақ іске қосылды. Атап айтқанда, «Ақ орда» субұрқағы, Министрліктер үйі жанындағы «Шаршы және би» мен «Нұржол» бульвардағы «Музыкалық» фонтаны. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ғимараты маңындағы «Дөңгелек», «Каскад», «Кит» және «Ғашықтар саябағындағы» «Колесо и подкова» субұрқақтары бар. «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы маңында жасыл орамда, ислам мәдени орталығы ауданында, «Астаналық цирк» және «Құрманғазы» ескерткіші қасында субұрқақтар іске қосылды. Одан бөлек, «Астаналық» саябағында, дипломатиялық қалашығында, «Жетісу» саябағында, Бөкейхан көшесі бойындағы «Еңбекшілер» сквері мен Есіл өзені бойындағы саябақта және «Сарқырама», желілік саябағында, EXPO – 2017, «25 жылдық» саябағында, «Тойқазан» музыкалық сол сияқты Ботаникалық бақтағы субұрқақ елорда жұрты үшін жаз бойы қызмет етеді. Қала сәнін кіргізген субұрқақтардың саны жағынан Есіл ауданы алда.