Аймақтар • 02 Мамыр, 2022

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан жолдар жабылды

«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге тыйым салынды. Бұл Шетпе-Жетібай жол учаскесі», делінген хабарламада. Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағ.13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.

«Штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - 1403», дейді аталған ведомстводан.