Аймақтар • 03 Мамыр, 2022

Заңғар жазушыға арналды

570 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атын­­дағы Солтүстік Қазақстан универси­тетінде мамыр мереке­сінің қарсаңында заң­ғар жазушы, қазақ әде­биетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің 120 жыл­дық мерейтойын атап өту бағдарламасы аясында «Ғ.Мүсірепов жә­не заманауи әдебиет, ғылым мен мәдениет» деген тақырыпта рес­пуб­­ликалық ғылыми-тәжі­рибелік конференция өтті.

Заңғар жазушыға арналды

Конференцияда облыс әкі­мінің, университет бас­шылы­ғының құттықтау хаттары оқыл­ды. Баяндамашылар арасы­­­нан алғашқы сөзді Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мү­сіреповтің мемлекеттік әде­­би-мемориалдық мұражай ке­­ше­нінің директоры, фило­ло­гия ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбеков алды. «Сөз зергерінің музейдегі мұрасы» деген тақырыпта баяндама жасаған ол Ғ.Мүсірепов еңбектерінің жинақталуы мен алдағы уақытта атқарылар істер туралы айтты. Соның ішін­де «Ғабит Мүсірепов энциклопедиясының» дайындалып жатқанын тілге тиек етті. Ш.Уәлиханов атындағы Көк­шетау университеті қа­зақ тілі мен әдебиеті кафед­ра­­сының профессоры Жәм­бек Сәбит «Ғ.Мүсірепов про­за­­сының суреткерлік бітімі» де­ген тақырыпқа баяндама жа­­сап, сөз зергерінің сөз ойна­ту тәсілде­рін, бір сөзінің екін­ші сөзге кө­леңкесін түсіру шебер­ліктерін біршама мысалдарды келтіре отырып, ашты. «Алып­тардың ақырғысы» де­­ген тақырыпта ­баяндама жа­­са­ған осы жолдардың ав­торы Ғабеңнің өмірдегі қол жет­кізген табыстары мен қа­зақ әдебиетінің өркендеуіне қос­қан үлестері туралы айтты. Сондай-ақ Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің профессоры Қар­лы­­ғаш Байтанасова, «Тұран-Аста­на» университетінің профес­соры Гүлнәз Кәріпжанова, М.Қозыбаев атындағы СҚУ про­фессры Жанар Құлыбекова және т.б. жазушының көркем ойлары мен шебер тілінің қыр­ларын ашуға тырысты. Ал Сол­түстік Қазақстан облысы ар­хивінің директоры Сәуле Мәлікова «Данадан қалған рухани мұра» деген тақырыпта баяндама жасап, жазушы мұ­ра­сының бүгінгі зерттелуі жайын әңгімеледі.

Конференцияға жазушының інісінің келіні Бикен Серали­на қатысып, естеліктер айтты. Жиын жұмысын СҚУ Қазақ ті­лі мен әдебиеті кафедрасының мең­герушісі, профессор Жанар Таласпаева қорытындылап, ай­тыл­­ған пікірлер мен ұсы­ныс­­тар бойынша шаралар жа­са­­лып, ал баяндамалар жи­нақ­қа ен­­гі­зілетінін айтты. Кон­фе­рен­­ция жұмысына М.Қозы­баев атын­дағы СҚУ бас­қарма төр­ағасы Ақмарал Ыбы­раева қатысты.