Елорда • 03 Мамыр, 2022

Елордада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада барлық қоғамдық кеңістіктерге, саябақтарға және басқа да адамдар баратын орындарға тексеру жүргізіледі. Қолайлы ауа-райының басталуымен жұмысшылар тротуарларды, жолдарды, өзге де абаттандыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Осы ретте вандализм салдарынан пайда болған ақаулар (сынған шамдар, орындықтар, плиткалар, жарықтандыру тіректері, кіші архитектуралық формалар және т.б.) жойылады, ақаулы актілер мен сметалар жасалады.

Абаттандыру элементтерінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соққан сапасыз орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының фактілері бойынша мердігерлер зақымдануларды жояды. Айта кету керек, жылдан жылға сапалы материалдар қолданылуда, қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру аймақтарын жобалау тәсілдері жетілдіріліп жатыр.

«Көктемнің басынан бастап жұмысшылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Егер жұмыс сапасыз орындалса-мердігерлер өз кемшіліктерін міндетті түрде өз есебінен жояды. Егер мұндай фактілер бір мердігермен қайталанса, онда ол кейіннен «қара тізімге» енгізіліп, енді конкурстарға қатыса алмайды.

Өкінішке қарай, кейбір адамдар ортақ мүлікті өздері бұзатын вандализм фактілері де бар. Біз бәрімізге ортақ мүлікке мұқият болуымыз керек, өйткені барлық қоғамдық кеңістіктер, ең алдымен, қала тұрғындарының таза ауада уақыт өткізе алуы үшін жасалады. Сондай - ақ, қоғамдық кеңістіктерде камераларды қайта орнатуды жалғастырамыз, бұл адамдарды тәртіпке келтіруге де, бұзушылықтарды тіркеуге де мүмкіндік береді», деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов. 

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30