Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Алматыда 40 адамды кене шаққан

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда сәуір айында қалалық жедел-шұғыл көмек көрсету ауруханасына кене шаққан 40 адам түскен, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Алматыда 40 адамды кене шаққан

Олардың барлығына кене иммуноглобулині салынған.

Ал жыл басынан бері екі адамнан кене энцефалиты табылған. Мамандардың айтуынша, сәуір мен маусым айларында қауіпті жәндіктер белсенді болады. Алматыда кене шағу ықтималдығы жоғары аймақтарға Көктөбе, Медеу және Алма-арасан шатқалдары жатады. Сондықтан дәрігерлер табиғатқа шыққанда абай болуды ескертеді. Ақ түсті жабық киім киген жөн. Егер кене шақса, алғашқы 72 сағатта дәрігерге көріну қажет. Зиянкесті ауруханаға өзімен бірге шыны ыдысқа салып алып келгені жөн. Себебі, табиғаттағы кенелердің 1,5-2 процентінде ғана кене энцефалитының қоздырғышы болады. Оны тек зертханада тексеруге мүмкіндік бар.  

 – Кене ауруының қатерлілігі сонда ол ауру кезінде кене ауруының қоздырғышы арбавирустар орталық жүйке жүйесін зақымдай отырып, өте ауыр түрде әртүрлі салдарлар туындатуы мүмкін. Сондықтан, салданудың әсерінен адам кемтар болып қалуы мүмкін. Сондықтан кене энцефалитына өте дұрыс көзқараспен қарап, оны алдын-ала болдырмау қажет, - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Әділ Қатарбаев.