Аймақтар • 04 Мамыр, 2022

Сатылымда – әскери техника

907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыртқадан жүн қырыққандай, пайда табудың түрлі амалы бар. Атырауда 35 жастағы ер адамның брондалған әскери техниканы заңсыз сатпақ болғаны анықталып отыр.

 

Сатылымда – әскери техника

Полицияға заңсыз сатылымға брондалған барлау-шолғыншы машинасы (БРДМ-2) шығарылғаны туралы жедел ақпарат түскен. Бұл ақпаратты экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел тексеріп, іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексерудің нәтижесінде 1986 жылғы ер адамға тиесілі әскери техника тәркіленді. Қазір аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірақ ел қауіпсіздігін қорғайтын Қарулы Күштерді нығайтуға қажетті әскери техниканы сатпақ болған кім? Әскери қызметші ме, әлде бір күндік пайданы ойлаған алыпсатар ма?