Ауа райы • 04 Мамыр, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым аумағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, солтүстігінде, шығысында тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта 25 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, найзағай кезінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.