Оқиға • 04 Мамыр, 2022

Алматы облысында екі бала канал суына батып кетті

1 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Қарасай ауданында канал маңында ойнап жүрген 8 және 6 жасар екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында екі бала канал суына батып кетті

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 19.05 кезінде облыстық ТЖД кезекші байланыс пультіне Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі баланың батып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнында ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала мен 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025