Теннис • 04 Мамыр, 2022

Александр Бублик Мадрид турнирінде ұтылып қалды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Бублик Мадрид турнирінде ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған сербиялық Миомир Кецмановичпен шеберлік байқасты. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, өткен жылдың қыркүйегінде елорда турнирінде Бублик 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы сербиялық спортшы брейк жасап, бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:4. Кецманович екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 7:5.