Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Мамыр, 2022

Ұлт ұстазы туралы туынды

1683 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Алаштың Ахметі» спек­таклі­нің премьерасы өтті. Драма-элегия жанрын­дағы сах­налық туынды ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сын­ұлының жер тұтастығы мен ел бүтіндігін сақтап қалу жолын­дағы жанкешті еңбегі мен елдің саяси-рухани тұр­ғыда еңсе түзеу жолындағы қайраткерлігін бейнелейді.

Ұлт ұстазы туралы туынды

Қойылымда Алаш ары­сы­ның аяулы жары Бә­дри­са­фаның ауыр тағдыры мен Ахаңа деген азапты сүйіспеншілігі, екеуі­нің арасындағы айнымас сый­ластық пен құрмет сезім­дері әсерлі баяндалады.

 Шығарма авторы – дра­матург-жазушы Өтен Ах­мет. Қоюшы режис­сері – Қуанд­ық Қасым. Премье­раны тама­ша­лауға келген жұрттың көптігі сон­шалық, көрермен залында ине шаншар орын қалмады десек болады. Актерлер шебер­лікпен сомдаған көр­кем бейнелер де нанымды шыққан. Ахаң туралы алғашқы қойылымды арнайы келіп бастан-аяқ көріп шыққан облыс әкімі де театр қор­­жынына тағы бір сәтті туын­дының қосылғанын атап өтті.

– Бүгінгі тамаша қойы­лымды өңір сахнагерлерінің Ахаңның рухына жасаған тағзымы деуге болады. Ах­мет Байтұрсынұлы мен Бәдриса­фаның арасындағы сүйіс­пеншілік, сыйластық се­зімі, ұлт ұстазының елге деген махаббаты, өз ісіне деген адалдығы, халқына деген перзенттік борышы өте сәтті сом­далған. Спек­­такльдің авто­ры мен қою­шы режиссерге, сон­дай-ақ театр­дың барлық шығар­машы­лық ұжымына шынайы ал­ғысымды білдіремін. Сах­надан үлкен еңбектің жемі­сін көрдік. Бұл – Ілияс Ома­ров атындағы облыстық театр­дың Ахаңның 150 жыл­дық мерейтойында өңір тұр­ғын­­дарына жасаған тамаша тар­туы, – деді А.Мұхам­бе­тов.

Премьера өткен күні театр­­дың кіреберіс дәлі­зін­де ұлт ұс­тазының ғылыми мұрасы мен өмір кезеңде­рінен сыр шер­тетін көрме ашылып, қалың кө­рер­­мен Ахаңның ғұмыр­нама­­сына қатысты құнды архив құжаттарымен танысты.