Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі 26,5 миллион гектардан астам, оның ішінде жайылымдық жерлер – 24,8 млн гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы айналымына 12,5 млн гектардан астам жер пайдаланылады. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің 524,8 мың гектары жалға беру шарттарын мерзімінен бұрын бұзу арқылы мемлекеттік жер қорына қайтарылды, оның 39,2 мың гектары – егістік жерлер.
«Ауыл шаруашылығы қорының пайдаланылмай жатқан жерлерін анықтап, мемлекет пайдасына алып қоюмен бірге, оның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет», деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Айта кетейік, қазіргі кезде Ақтөбе облысындағы елді мекендердің жалпы жайылымдық көлемі 3,8 млн гектарды құрайды.