Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 9 қабатты үйдің балконынан өрт шықты. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 57 адам 10 техника жұмылдырылды.
«Шақырту түскен соң біз оқиға орнына бес минутта жеттік. Барлығы 60 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқару сатысы арқылы төмен түсірілді. 9 қабатты үйдің төртінші қабатынан бастап өрт шыққан. Тек балкондар жанды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.
Айта кетейік, өрт туралы хабарлама сағат 16:50-де түсіп, қызметкерлер оқиға орнына бес минутта жеткен. Өрт 17:05-те сөндірілген.