Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Жарияланбаған жинақ

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұрасы жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Біз білмейтін шығармалары да бар екен. Облыс орталығындағы Торайғыров университетінде өткен «Мәшһүр Жүсіптің тарихи мұрасы мен қоғамның рухани дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мәшекеңнің бұған дейін жария болмаған шығармалары үш томдық болып шығатыны сүйіншіленді.

Жарияланбаған жинақ

Аталған білім ордасында 2004 жылдан бері ғы­лы­ми-тәжірибелік орталық жұмысын жалғастыруда. «Мәш­һүртану» пәні де енгі­зілген. Осы уақытқа де­­йін М.Ж.Көпеевтің шы­ғар­­малары мен энцикло­пе­дияларының 20 томдығы жарық көрді. Балаларға ар­налған иллюстрациялық әңгімелер жинағы да оқыр­манға жол тартты. Қазіргі уақытта орыс тіліндегі үш томдық әзірленіп жатыр екен. Оның құрамында бұған дейін жария болмаған шығармалары енгізілмек.

Р.Б.Сүлейменов атын­­дағы Шығыстану инс­­титуты Тарихи ма­те­риал­дарды зерттеу респуб­ли­ка­лық ақпараттық орта­лы­ғының директоры Меруерт Әбусейітова Мәшекең та­рихты шежіре арқылы жет­кізгенін атап өтті. «Мәш­һүр Жүсіптің жазба дәстү­рі бірегей әрі өзге ауызша та­рих жинаушыларына ұқса­майды. Ол «дала тари­хы» бағытының негізін қа­лаушы», деді тарих ғы­лымдарының докторы.

Білім және ғылым ми­нистрлігі жанындағы Дін­тану, саясаттану және философия институтының бас ғылыми қызметкері Аяжан Сағиқызының айтуынша, Мәшһүр Жүсіптің мұрасы ­рухани болашаққа бағыттайды. «Ойшылдың мұрасы әр адам өз халқын, дәстүрін, ұрпақтарын құр­меттеп, сүйіп өмір сүру керек дейді. Бұл өмір­лік қа­ғидаттар адам тұр­мы­сы­ның мағына­сын анықтауға кө­мектеседі. Бі­рақ Мәшһүр Жүсіптің негізгі ­идеясы бо­ла­шаққа апарар ­жол ту­ған жер, адамдарға деген сү­йіспеншілік арқылы жетеді деген пікірге саяды», дейді философия ғылымдарының докторы.

 

Павлодар облысы