Күрес • 06 Мамыр, 2022

Қарағандының намысын қорғайды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында қазақ күресінен облыстық деңгейдегі «Сары­арқа барысы» атты турнир өтті. Осымен 11-ші рет жалау көтер­ген додада өңірдің үздік деген 26 балуаны өзара күш сынасты.

Қарағандының намысын қорғайды

Ауыр салмақты апайтөс балуан­дар күрескен турнирде Бұқар жырау ауданының намы­сын жыртқан Ерқанат Молда­ғұлов белдесулерінің бәрін сәтті өткі­зіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Финалда ол Шет ауданының атынан шыққан балуан Ақжігіт Ораловты тізе бүктірді. Ал жүл­делі үшінші орын Жезқазған қаласынан келіп күрескен Бек­зат Ермеков есімді балуанға бұйырды.

«Қазақстан барысы» Қазақ күресін дамыту қорының спорт менед­жері Жасұлан Мұ­са­­бе­к­­ов аталған турнирде жас ба­луан­дардың көп болға­нын айтады. Мұның өзі өңірде қа­зақ күресіне деген көзқа­рас­тың жылдан-жылға жақ­сарып келе жатқанын, насихат жұ­мыстарының жемісті жүргізіле бастағанын білдіреді деп атап өтті ол.

Сонымен «Сарыарқа барысы» турнирінде топ жар­ған қос балуан Ерқанат Молда­ғұлов пен Ақжігіт Оралов шіл­денің 3-і күні елорда­да өтетін «Қазақстан барысы» респуб­ликалық турнирінде Қара­ғанды облысының намысын қор­ғайтын болды.

 

ҚАРАҒАНДЫ