Ведомство өкілінің айтуынша, бүгінгі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 6 ардагері тұрады. Жыл басынан бері оларға коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 202 мың теңге төленді. Биылға қаралған қаражат - 880 мың теңге.
«Оларға жергілікті бюджеттен Жеңіс күніне 1 млн теңгеден қаражат төленді. Жеңілдік бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген 774 ардагерге 40-60 айлық есептік көрсеткіш аралығында біржолғы материалдық көмек көрсетіліп отыр. Қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына - 153 150 теңгеден, концлагерьдің кәмелетке толмаған тұтқындары - 3 адамға 153 150 теңгеден, соғыс ардагерінің жесірлері – 26 адамға 122 520 теңгеден беріледі», деді Әсет Шопанов.