Аймақтар • 06 Мамыр, 2022

Петропавлдағы дауыл ғимарат шатырын жұлып әкетті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда болған қатты дауыл салдарынан көлік үстіне ағаш құлап, Береке ықшам ауданындағы ғимараттың шатыры жұлынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдағы дауыл ғимарат шатырын жұлып әкетті
Бүгін 112 қызметі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін дауыл тұратындығы жөнінде ескерткен еді. Қатты дауыл ағаш бұтақтарын сындырып қана қоймай, бірнеше ғимараттың шатырын зақымдады.

Әлеуметтік желілерде бірнеше бейнежазба жарияланған. Куәгерлердің айтуынша, облыс орталығындағы «Қазақтелеком» ғимараты зақымдалған. Береке ықшам ауданында салынып жатқан сауда үйінің шатыры жұлынып кеткен. Ал, орталық көшелердің бірінде екі көліктің үстіне ағаш құлаған. Дауылдан келген залалдың нақты көлемі әзірге белгісіз.