Егер бүгінде ел түрлі қаржылық саясатқа күмәнмен қарайтын болса, оның себебі аз емес. Кешегі Кеңес өкіметі тұсында бүкіл тапқан-таянғанын жинақ банктерінде күйдірген елдің өкініші әлі өксітіп жүргендерді табу қиын емес. Оның үстіне үздіксіз инфляцияны, валютаның девальвацияға ұшырағанын, аяқ астынан келіп киліккен дағдарысты көрген халықтың көңілі секемшіл. Дәл осындай жағдайда жұмыс істеп жатқан еліміздің жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың сенімінен шығу үшін екі есе тер төгуге тура келеді.
Ендеше, салымдарымызды сеніп тапсырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары жылдар бойы бейнеттеніп жинаған салымдарымыздың зейнетін көруге кепілдік бере ала ма? Осы жалпы сұраққа – жалқы да нақты жауап беру үшін “Ұлар Үміт” зейнетақы қорының қызметіне үңіліп көруді жөн санадық. Неге таңдау “Ұлар Үмітке” түсті? Өйткені, аталмыш зейнетақы қоры елімізде алғашқылардың қатарында ашық саясат ұстанғанын БАҚ өкілдері ұдайы айтып та жазып та келеді. Өз қызметін бүкпесіз жария етіп, оған қоса, салымшыларының жинақтарын да айтарлықтай өсіруге қол жеткізгенін мәлімдеп отыр. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша салымшының әрбір 100 мың теңгесіне 22 мың теңгеден инвестициялық кіріс келтірілген. Мұндай көрсеткішпен қазірге мақтана қоятын Қазақстанда өзге зейнетақы қоры жоқ. Оның үстіне аталмыш қор соңғы 12 айдың қорытындысы бойынша да көшбасшылық позицияға көтерілді.
Қордың кәсіпқой менеджерлерінің пайымды қадамы жаңылыстырмағаны анық аңғарылады. Өз салымшыларының 98 пайызы зейнет жасына жетуге ерте екендігін ескере отырып, “Ұлар Үміт” табысы төмен облицияларға емес, мерзімі ұзақтау болса да айтарлықтай кіріс келтіретін салиқалы компаниялардың акцияларын сатып алуға ұмтылғаны ұтымды қадамдардың қатарынан көрінеді. Олай дейтініміз, нарық қайта жанданып келеді және мұндай жағдайда ұлттық ауқымдағы компаниялар мен жүйеқұрушы компаниялардың акциялары қымбаттамаса, арзандамайтыны анық. Сатып алынған ЛУКОЙЛ, ГазПром сынды салиқалы компаниялардың акцияларының бағасы барлық кезде құнын жоғалтпақ емес. Қарапайым салымшылар үшін мұндай қаржылық тетіктерді біле жүрген артықтық етпейді.
Мұнан да бөлек, аталмыш қор акциялардың халықаралық және өркениетті нарықпен қоян-қолтық жұмыс істеп отыр. Мұндай жетілдірілген, уақыт тезінен өткен нарықта айла-шарғы да аз болады. Сондықтан да “Ұлар Үміттің” салымшылары халықаралық нарық нормалары арқылы көзсіз тәуекелдерден қорғалған деуге негіз бар.
Ең бастысы “Ұлар Үміт” – еліміздегі нарықтық құны бойынша инвестициялық құралдары бағаланған (түрлі есептік саясаттармен) жалғыз қор. Бұл бағалаудың ең сенімді де бірегей тетігі. Яғни, акция сатуға болатын бағамен бағалануы тиіс. Мұндай әділ баға жоқ қорларда төмендегідей келеңсіз жағдайлар орын алуы әбден мүмкін: бір салымшы қордан шығады да басқа қорға жинақтарын (шын мәнінде жоқ, жоғары бағаланған акциялар бойынша) әкетеді, ал қорда қалған келесі салымшы – ештеңе да ала алмай қалуы кәдік. Құралдарды негізсіз қымбат бағалау түптің түбінде акциялардың белгіленген бағасынан арзанға сатылып, тіпті сатылмақ түгілі өтпей де қалуы мүмкіндігіне әкеліп соғады. Яғни, қоржынның сапасы нашарлайды. Оның үстіне дағдарыс жағдайында ішкі нарықта дефолттық компаниялардың бар екендігін ұмытпау қажет.
Қоржынның құны құлдырады дегенше салымшылардың позициясы да құрдымға кете бастады деңіз, яғни реттеуші нормалар орындалмай, қор дағдарысқа бой алдыра бастайды. Егер салымшы қоржынның жағдайынан хабардар болып отырса – келешегінен да хабардар болып отырады деген сөз. Өкінішке орай, еліміздегі өзге қорлардың қоржыны – қара жәшік сияқты, ішінде не болып жатқанын құмалақ салып та білу қиын. Құр сөзге мына құбылып тұрған заманда сенуге бола ма?
Осындай жағдайда “Ұлар Үміт” зейнетақы қорының ашық саясат ұстанып отырғаны қордың өзін де, салымшыларды да адастырмағанын көрсетеді. Ашық саясат бар жерде адалдық да жауапкершілік те бар.
Осы арада 2012 жылға қарай аталмыш зейнетақы қоры стратегиялары түрлі табыстылық пен құралдарға бағытталған, қоржынның үш түрін енгізбек: агрессивті, консервативті және теңдестірілген. Ал таңдауды салымшының өзі жасайды. Бұл қаржы құралдарының қалай жұмыс істейтіндігі, қандай кіріс әкелетіні жайлы қор өз салымшыларына мақалалар арқылы баяндап, қордың call-орталықтары арқылы түсініктемелер беріп отырмақ. Қысқасы, қор өз салымшылары үшін қаржылық кеңесшінің де қызметін атқаратын болады.
Айнаш ЕСАЛИ, АЛМАТЫ.