Қоғам • 11 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстанның маңызына тоқталды

772 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні Қазақ­стан халқына арнаған үндеуінде конституциялық реформаның маңыз­дылығына тоқталып, 5 маусым күні бүкілхалықтық референдум өтеті­нін тілге тиек еткен болатын.

Жаңа Қазақстанның маңызына тоқталды

Елу жылда ел жаңа екенін ескерсек, Қазақстанның Конституциясы да біршама реформаны талап ететіні түсінікті. Референдум нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жаңа мазмұнға ие болмақ.      

Ел Президентінің батыл бастама­сын қолдаған Қазақстан Жастар кон­гре­сі 5 маусымда өтетін референдумға бай­­­ланысты дөңгелек үстел отырысын өт­кізді. Басқосуға жиналғандар бү­кіл­­ха­лықтық референдумның мемле­кет да­муын­дағы рөліне жан-жақты тоқталды.

«Жастар саясатының салалық және өңір­лік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жас азаматтарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді тарту үшін жағдай жасалды. Жастармен жұмыстың түбегейлі жаңа нысандары енгізілді. Сонымен қатар болашағы зор жастар арасында әлеуметтік лифтінің жан-жақты ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Жастар саясатымен айналысатын аза­маттар мен атқарушы билік институт­тары арасында жүйелі түрде диалог жүр­гізу және коммуникацияны дұрыс құру, жастарды ел басқаруға көбірек тарту­дың маңызы зор. Бұл өз кезегінде Қазақ­станның жаңару мен жаңғыруын қам­тамасыз етеді. Сол себепті алдағы рефе­рендумға жастар сергек қарауы керек.

Алдағы бүкілхалықтық референдум мемлекетіміздің дамуы үшін маңызды қа­дам болып отыр. Ата Заңымыз халық­тың үн қатуымен 1995 жылы қабыл­дан­­ған еді. Одан бері 27 жыл өтті. Бұл ба­­ғытта да реформалар керектігін уа­қыт­­тың өзі көрсетті. Сондықтан да Жаңа Қа­зақ­станды құру жолындағы жаңа қадам­ға бір кісідей атсалысуымыз ке­рек», деді Қазақстан Жастар кон­гресі­нің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Дөңгелек үстел отырысына қатыс­қан Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, Qazaqstan Team республика­лық қоғамдық жастар бірлестігінің жетек­­шісі Олжас Сүлейменов, Amanat партиясы қоғамдық саясат инсти­­туты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова да алдағы рефе­рен­думның мемлекетіміз үшін аса зор маңызға ие екенін сөз етіп, оған Қазақ­стан халқы жұмылған жұдырықтай қатысуы керектігін айтты.