Қазақстандық студенттер «Imagine Cup Junior – 2022» виртуалды хакатондар сериясында финалистер қатарынан табылды. Осылайша, «Unicode» командасы жасанды интеллект көмегімен жолбарыстар популяциясын сақтау жобасы арқылы екінші орын алса, ал «Cognitive» отбасындағы зорлық-зомбылық туралы өтініштерді қараған кезде кететін ағаттықтар мен адами қателіктерді жою жобасы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Биыл Microsoft, KPMG мен ЮНЕСКО «Imagine Cup Junior – 2022» жасанды интеллект бойынша алғашқы екі виртуалды хакатон өткізді. Хакатон дегеніміз не? Талантты бағдарламашы, компьютерлік дизайнерлер форумы әлем студенттеріне ЖИ технологияларына негізделген, болашақтың экономикасы үшін маңызды білім мен дағдыларды беретін бірқатар іс-шаралардың бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл бастамалар – сапалы білім беру, адам құқықтарын сақтау, теңдік пен инклюзивтілік, экологиялық тұрақтылық секілді нақты мәселелерді шешуде ЖИ технологияларын қолдануды ұсыну арқылы ЖИ туралы мифтерді жоюды көздейді.
Жерді сақтап қалуға арналған серияның бірінші хакатонына 9 елден 21 команда қатысса, командалар 5 студент, 1 оқытушыдан құралған. Бірқатар тәжірибелік жаттығулардан кейін студенттер өздерінің жаңа білімдерін «Жерді сақтап қалудағы жасанды интеллект» міндетінде қолданды. Идеяны нақты өмірде пайдалану үшін студенттер проблемаларды болжауға, шығармашылық ойға сүйенуге және оған егжей-тегжейлі назар аударуға міндеттеледі. Екінші орынға ие болған қазақстандық «Unicode» командасы қытайлық «Бір белдеу және бір жол» жол құрылысының кейбір жобалары жолбарыстардың көбеюіне үлкен қауіп төндіретінін анықтап, олар мекендейтін негізгі жерлерді қорғайтын балама бағыттарды анықтау үшін жасақтаушы компанияларымен өзара әрекеттесу жоспарын жасаған. Командалық шешім спутниктік суреттерді талдау кезінде жолбарыстарды бақылау, орналастыру үшін суреттерді жіктеу моделін қолдана отырып, оңтайлы балама бағыттарды таңдайды. Хакатонда бірінші орынды Латвиядан келген, әлемде жарғанат популяциясын сақтауды ұсынған «Data» командасы жеңіп алса, болгарлық «Quadcore» мен «Yottabyte» командалары табиғатты сақтаудағы шешімдерімен үшінші орынды өзара бөлісті.
Екінші іс-шара – қыздарға арналған секция Imagine Cup Junior ЖИ виртуалды хакатоны Қазақстан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Болгария, Ұлыбритания мен БАӘ мектептерінен 22 команданы жинады. Бұл бағыт ЖИ-ға қызығушылық танытқан қыздарды қолдау арқылы жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика саласындағы елеулі гендерлік айырмашылықтарды жоюға бағытталған.
Ал қазақстандық «Cognitive» командасы үйдегі зорлық-зомбылық туралы өтініштерді қараған кезде жол берілетін ағаттық пен адами қателіктерін жоюға бағытталған жобаны таныстырып, бірінші орынға ие болды. Олардың шешімі қылмыстық істер жөніндегі полиция департаментінің деректер базасын, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы қызметтік жазбаларды талдау арқылы жедел шақырудың ауырлығын анықтау үшін екі сатылы процесті қолданады. ЖИ мыңдаған дерек нүктелерін өңдей отырып, қоңырауларды тұрмыстық зорлық-зомбылық ықтималдығы негізінде жіктеп, шұғыл әрекет етілуі тиіс жағдайлардың басымдылығын жоғары дәлдікпен анықтайды. Қыздарға арналған хакатон секциясы қатысушыларға статистикалық мәліметтермен, компьютерлік көру қабілетімен (компьютерлер мен жүйелерге сандық визуалды мәліметтерден маңызды ақпаратты алуға мүмкіндік беретін ЖИ саласы) және жаратылыс тілін өңдеу дағдыларын дамытуға көмектесті.
Unicode командасының мүшесі Эгина Агаджанян: «Бұл бізге бағдарламалау дағдыларымызды қолдана отырып, оны халықаралық аудиторияға ұсыну мен жаһандық проблемамен жұмыс істеуге тамаша мүмкіндік берді», десе, оның әріптесі Арнелла Төлеген: «Хакатонға қатыса отырып, өзімнің командадағы орнымды бағаладым, өйткені бұл дағды өзін өзі дамыту мен жаһандық жобаларды жүзеге асыруда өте маңызды», дейді.
Осылайша, виртуалды жасанды интеллект хакатондары Imagine Cup Junior – әртүрлі тәжірибесі мен бэкграунды бар студенттерді өз болашағы үшін жауапкершілікті және бір күні әлемді өзгертетін адам болуға құлшындырады. ЖИ әзірлеуге тәжірибелік, қолданбалы тәсілді қолдана отырып, студенттер соның негізінде өз шешімдерін құруды және оларды нақты өмірлік жағдайларда қолдануды үйренеді. Олар Microsoft-тің ЖИ-ді жауапты пайдалану барысындағы негізгі қағидаттарын, сондай-ақ ЖИ әзірлеу, деректерді жинау, оларды тазарту, модельдерді таңдау мен статистикалық тестілеудің этикалық қадамдарына қаныға түседі. Сонымен қатар студенттер маңызды мәселелерді шешуде регрессиямен, шешімді ағаштар және кездейсоқ ормандармен қалай жұмыс істеу керектігін біледі.
Қысқасы, жасанды интеллект жөніндегі виртуалды хакатондар жұмысын жалғастыра бермек. Олардың мақсаты – планетадағы әр адамға және әрбір ұйымға мұратына қол жеткізуге мүмкіндік туғызу. Жақын арада Imagine Cup Junior ЖИ бойынша жазғы виртуалды хакатонға да тіркеу басталады.
АЛМАТЫ
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар