Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Анкарада Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришджимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Түркия қатынастарының тұрақты дамып жатқанын атап өтті.
Қазақстан дәнді және майлы дақылдарды өндіру және экспорттау бойынша жетекші орынға ие бола отырып, бүкіл Орталық Азия өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі ел болып саналады.
«Қазақстан бидай мен ұн экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Біздің астық жоғары сапалы көрсеткіштермен сипатталады. Жайылымдары мен өзінің жем-шөбінің болуы және шалғайдағы мал шаруашылығына қол жетімділік ет өнімдерін өндірудің өсуіне ықпал етеді және халал талаптарына сәйкес келеді. Географиялық орналасуын, бай жер ресурстарын, сондай-ақ қолайлы климаттық жағдайларды назарға ала отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені болашақта әлемдегі азық-түлік жағдайын тұрақтандыру мен жақсартуда маңызды рөл атқара алады», деді ведомство басшысы.
Министр пандемияға қарамастан қос ел арасындағы сауда көрсеткіштерінің тұрақты өскенін жеткізді.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда Түркиямен АӨК өнімдері бойынша тауар айналымы шамамен 37 млн доллар болды, бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 62% артық (22,7 млн доллар). Экспорт 55% артып, 19,5 млн доллар болса, ал импорт 69% артып, 17,1 млн долларға жетті.
Министрдің айтуынша, қос ел арасындағы сауданы дамытудың әлеуеті зор. Осыған байланысты Қазақстан ет өнімдерінің, өсімдік майларының және жануарлардан алынатын басқа да өнімдердің экспортын ұлғайтуға мүдделі. Сондай-ақ Қазақстанда түрік жемістері мен көкөністеріне, цитрус жемістеріне және тағы басқа өнімдерге сұраныс бар.
Кездесу барысында Ербол Қарашөкеев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын ұсынды. Бұл ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, сондай-ақ сапалы, қолжетімді және бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру.
Сондай-ақ Қазақстан басымдық беретін салалардың бірі – ет пен сүт, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер, былғары шикізатын қайта өңдеу саласына шетелдік инвесторларды тарту деп атап өтті министр.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар