Аймақтар • 11 Мамыр, 2022

Алматы көшелерін су басты

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түстен кейін жауған нөсер жаңбырдан кейін қаланың төменгі жағында орналасқан аулалар мен көшелерді су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы көшелерін су басты

Синоптиктер 11 мамырдан 12 мамырға қараған түні нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел секундына 20 метрге дейін жетеді деп хабарлап, дауылды ескерту жариялады.

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, су басу жағдайларын барынша азайту мақсатында мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Ал суды бұру және сору жұмыстарына мобильді топтар жұмылдырылды. Барлығы 609 адам, 252 арнайы техника мен 24 мотопомпа шығарылды. Бұдан бөлек, 2 050 қап құм дайындалған.

Куәгерлердің айтуынша, Абай даңғылында қатты су тасқыны болған.

Бұдан бұрын «Қазгидромет» синоптиктері 11 мамырда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метрге жететін жел соғатынын хабарлаған еді.

н