Оның айтуынша, Әуезов ауданында орналасқан «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері алдағы айда ашылады.
«Маусым айында жаңа екі метроны іске қосамыз. Олар «Сарыарқа» және «Момышұлы» бекеттері. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде.