ҚР ИИДМ басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер транспорт министрлерінің тоғызыншы кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алқалы басқосу Өзбекстанның төрағалығымен Хива қаласында өтті.
Жиында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ШЫҰ аймағында транспорт саласындағы өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастықты нығайтуға байланысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ ведомство басшысы елдегі тауар тасымалының бүгінгі өсімі турасында баяндап, республиканың өз транзиттік-логистикалық әлеуетін арттыру бағытында, автокөлік және темір жол тасымал дәліздері мен Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту тұрғысындағы нақты қадамдар туралы жан-жақты әңгімеледі.
«Транспорт саласындағы жаһандық өзгерістер кезеңінде Қазақстан көлік дәліздерінің транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымын дамытуға үлкен басымдық беруде. Бұл өз кезегінде транзиттік тасымалдың жылдамдығы мен сапасын арттыруға тың серпін бермек. Соңғы 15 жылда Қазақстанда тасымалдау саласына 35 млрд доллар көлемінде қаржы бөлініп, 2 жарым мың шақырымды құрайтын жаңа темір жол пайдалануға берілді. Сонымен қатар 13 мың шақырымнан астам автокөлік жолдары салынып, қайта жөнделді», деді Қ. Өскенбаев.
Қайырбек Өскенбаев өз сөзінде бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хабты құру, Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің инфрақұрылымын жетілдіру бағыттарында атқарып жатқан ауқымды шараларын назарға алды. Сондай-ақ ол мемлекеттік шекарадан өткізу пунктерінің белсенділігін арттыру орайында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен модернизацияға да тоқталды.
Спикер Қазақстан алдағы уақытта өзара әріптестікті арттыру мен тиімді көлік дәлізін құру бағытындағы ынтымақтастықты, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің автокөлік жолдарын дамытуға байланысты барлық бастамаларын қолдауға мүдделі екендігін жеткізді.
Транспорт саласындағы министрлердің тоғызыншы кездесуі барысында делегация басшылары көпжақты тасымалдауды дамытудағы ынтымақтастықтың тиімді тұстары мен қазіргі жағдайы жайында пікір алмасты. ШЫҰ-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың басымдықтарына тоқталып, жүк тасымалдау саласын цифрландыру мен тасымалдау үдерісінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құрудың маңызды тұстарына назар аударды.
Сонымен қатар жиын барысында ШЫҰ кеңістігінде аймақтық логистикалық орталықтар құру мен олардың құрылысына қолдау көрсету туралы, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде қатаң эпидемилогиялық талаптарды біртіндеп алып тастау жайында өзара уағдаластыққа қол жеткізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Қатысушылар транспорт саласында тиімді ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бойынша арнайы жұмыс тобын құруды мақұлдап, тасымалдау және логистика салаларындағы тұрақты өзара ықпалдастықты арттыруға бағытталған бірқатар келісім, меморандум мен концепцияларды қайта қарады.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар