Аймақтар • 13 Мамыр, 2022

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.

Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар