Қазақстан • 15 Мамыр, 2022

Елордада ауа сапасы нашарлайды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 мамыр күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.