Медицина • 15 Мамыр, 2022

Ақтөбе облысында нәресте өлімі көбейген

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысының әкімдігіне
нәресте өлімін азайтуға тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында нәресте өлімі көбейген

Үкімет басшысы 2021 жылы пайдалануға берілген 190 жатын орынға арналған жаңа облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста нәресте өлімі 29%, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім 47% өскен. Әкімдік жаңа перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа туған бала өлімін азайту бойынша шаралар қабылдауы керек. Сондай-ақ медицина кадрларының тапшылығын азайту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізу шарт», деді премьер-министр.