Бокс • 16 Мамыр, 2022

Чемпиондық атағын қорғайды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақта IBO тұжы­рымы бойынша әлем чемпионы қазақ­стан­дық Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін маусым айында өткізетін болды.

Чемпиондық атағын қорғайды

Triller Fight Club промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші 25 маусымда АҚШ-та өтеді. Отандасымыздың қарсыласы – украиналық Иван Голуб (20-1, 15 КО). Тартысты бәсеке 12 раундқа жоспарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша Данияр Елеусінов бұл жекпе-жекте өзіне тиесілі IBO белбеуін алғаш рет қорғамақ.

Естеріңізде болса, Д.Елеусінов былтыр желтоқсан айында елордада өткен бокс кешінде аргентиналық Хуан Эрнан Леалдан (15-1) ұпай санымен басым түсіп, IBO белдігін жеңіп алған еді. 2018 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келе жатқан отандасымыз бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның барлығын жеңіспен аяқтаған. Алты қарсыласынан мерзімінен бұрын басым түскен.