Қазақстан • 16 Мамыр, 2022

Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Алматы қаласы, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының табиғатты қорғау департаменті басшыларын жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бос жерлерге қауіпті қалдық төккен: бірнеше өңірде шенеуніктер жауапқа тартылды

Бас прокуратураның мәліметінше, елді мекендер маңындағы тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың заңсыз шығарылуына қатысты азаматтардың арыз-шағымдары жиілеп кеткен. Жақында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына аудит жүргізілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингінің мәліметі бойынша, елді мекендерде жыл сайын 9 мыңға дейін заңсыз полигон құрылған. Алматы қаласының прокурорлары Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында 17 коммуналдық және өндірістік қалдықтар көмілген жерді анықтады, қазір үйінділер жойылды.

Жіберілген кемшіліктер үшін Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы экология департаменті басшылары, сондай-ақ жауапты министрліктің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады ведомстводан.

Табиғатты қорғау инспекторлары бюджетке 12 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірді.

Прокурорлар сонымен қатар кәсіпорындардың өндірістік қалдықтарды белгіленген орындардан тыс, кәдеге жаратпай және өңдеусіз орналастырудың 43 дерегін анықтады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше