Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ботагөз Нұрпейісованың «Сұлулықтың бастауы» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 80-нен астам көркем және графикалық жұмыстары ұсынылған.

Ботагөздің балалық шағы Павлодар облысы, Набережный ауылында өткен. Ертіс өзенінің жағасындағы әспеті бөлек әсем табиғат суретші кенебіндегі көркем образға айналған. Сюжеттер еңбекқор ауыл тұрғындарының өмір тынысы туралы баяндайды. Әсіресе әке мен ана портреттері махаббат пен мейірімге толы. Ауыл табиғатын жырлаған туындылардан жарқын болашаққа ұмтылған бақытты балалық шақ туралы ностальгиялық ноталар естіледі.
Ботагөз қылқаламындағы тағы бір ерекшелік – түрлі халықтардың мәдениетінен адамзатқа ортақ құндылық іздеу. Өмір арнасы, тұрмыс-тіршілігі, тіпті наным-сенімі бір-бірімен мүлде қабыспайтын ұлттардың өнерінен ұқсастық таба отырып, оларды рухани тұтастыққа шақыру суретшінің қайраткерлік қыры деп атауға болады. Үнді тақырыбына арналған жұмыстар сериясы автордың терең фило-
софиялық дүниетанымынан хабар береді.
Бұл туралы көрме жетекшісі, өнертанушы Наталия Баженова: «Үндістан Ботагөздің жүрегіне бала кезден жақын. Әйгілі «Огонек» журналының беттерінен көрнекті суретші, философ және саяхатшы Николай Рерихтің суретін көрген кезде оның бала арманы бүр жарған. Содан кейін суретші болу арманы орындалды әрі ондаған жыл өткен соң осы көрмеде ұсынылған таулардың керім-келбеті, ұлы шебердің портреті пайда болды», деп атап өтті.
– Үндістанның қасиетті жерлеріне саяхат 2011 жылы басталып, алып Гималай бөктерінде өткен шығармашылық күндер жемісті болды. Куллу алқабында, Наггарда (Химачал Прадеш штаты) өмірден алынған этюдтер жазылды. Дәл осы жерде атақты Орталық Азия экспедициясынан кейін Н.К.Рерих және оның отбасы «Урусвати» – Гималай зерттеулер институты құрылды. 2019 жылы Үндістанның солтүстік-шығысындағы штаты Сиккимге сапар шектік. 2020 жылы осы бір сәулелі сапардан алған әсердің арқасында көптеген жаңа графикалық және көркем туындылар жасап шықтым, – дейді Ботагөз Нұрпейісова.
Экспозицияда ұсынылған туындылардың бір парасы Қазақстандағы «Бхаратанатьям» алғашқы және жалғыз Үнді классикалық биінің кәсіби орын-
даушысы Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері – Ақмарал Қайназарованың шығармашылығына арналғанын байқадық. Ақмарал Қайназарова мен Ботагөз Нұрпейісова өз шығармашылығында қазақ және үнді мәдениеттерінің дәстүрлерін үйлестіріп, жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктіруге күш салған.
Ботагөз кескіндемелері жарқын, қанық түстермен, жанды, темпераментті жазумен, жеңіл фактуралық пысықтаумен, айқын қарама-қайшылықтармен, тұтастық пен монументалдылықпен сипатталады. Көрме Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық және мәдени қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеуге арналыпты.
АЛМАТЫ
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар