Үкімет • 17 Мамыр, 2022

Елімізде импортқа тәуелді өнім өндіру саласының үлесі артады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Импортқа тәуелді өнім өндіру саласында жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Елімізде импортқа тәуелді өнім өндіру саласының үлесі артады

«Мал шаруашылығы – отандық ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі әрі жетекші саланың бірі. Мемлекет мал басын көбейтіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін арнайы қолдау көрсетіп келеді. Оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру, техника мен жабдықтарды сатып алу кезінде шығындарды өтеуге қаржы қарастырылған. Статистикалық деректерге сүйенсек, мал шаруашылығы оң қарқынмен өсіп келеді. Осы орайда мал шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды элементі екенін де айта кеткен жөн», деді Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, әлеуметтік маңызы бар 19 өнімінің төртеуі импортқа тәуелді. Олар – құс еті, шұжық, сүт және сүт өнімдері.

«Сондықтан бұл салада жұмыс істеймін дегендерге үлкен мүмкіндік бар. Біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет – осы өнім түрлерін шығаруда отандық өндірушілердің үлесін 100 пайызға дейін арттыру. Әсіресе, шикізатты терең өңдеу жобаларын іске асыруға баса назар аударып, сыртқы нарықтарға шығуды да ескеру қажет», деді Әлихан Смайылов.