«Көптеген елдердің тәжірибесі ғылым мен өндіріс арасында байланыс болмайынша, саланың тиімділігін арттыру мүмкін емес екенін көрсетті. Ауыл шаруашылығы, Білім министрліктері мен «Атамекен» палатасы салаға инновацияларды енгізу жөніндегі жол картасын дайындауы қажет», деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, фермерлер мен инвесторлар заманауи технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды енгізуге қаражат бөлуге мүдделі болуы тиіс.
«Жалпы мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік органдардың, фермерлердің, бизнестің, ғылым мен ветеринарияның ортақ позициясы мен бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана нәтижелі болмақ», деп қосты ол.