Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Биыл 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,1 миллиард теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан асты. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.