Қоғам • 17 Мамыр, 2022

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина референдумға бөлінген қаржының қалай және қайта жұмсалатыны айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады

«Референдум шығыстарының 79 пайызы комиссия мүшелерінің жалақасын төлеуге бағытталады. Не себепті бұл бағытқа қомақты қаражат қарастырылған? Бұл көлем Президент, Мәжіліс сайлаулары сияқты ауқымды науқанды өткізу кезінде жұмсалған қаражат сомасының деңгейінде. Аталған 79 пайыз учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мыңға жуық мүшесінің жалақысын қамтамасыз етуге бөлінеді. Еңбекақыны төлеу деңгейінде ел бойынша орташа жалақы көрсеткіші ескерілген», деді С. Мұстафина ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16,4 млрд теңге қарастырылғанын еске салды.

«Жалақы төлемі жұмыс істеген уақытқа сай жүргізіледі. Комиссия мүшелерінің барлығы бірдей деңгейде жұмыс істемейтіні түсінікті. Комиссия мүшелерінің көбісі өздерінің негізгі кәсіби қызметін атқарып, комиссияларда тек бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмысқа шығатын арнайы табелі жүргізіледі», деді С. Мұстафина.

Атап айтқанда, бөлінетін қаражаттың 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған.