Қонжықтың Яшин мен Уссури есімді ата-анасы өткен жылдың мамыр айында Ресейден Алматы зообағына көшірілген. Зообақтың баспасөз қызметі бұл қонжық - аюлардың тұңғыш төлі екненін айтады.
«Біз бұған өте қуаныштымыз. Кішкентай қонжық 18 қаңтарда туған. Бес айдай ол анасымен бірге арнайы бөлмеде тұрып келген. Осы уақыт бойы біз анасы мен қонжықты мазаламадық. Уссури өз қонжығын ерекше мейіріммен өсіріп келеді. Қонжық өсіп, жетіліп, күш-қуат жинаған соң ғана олар үлкен қоршауға ауыстырылды. Зообақ қонақтары қонжықты сол жерден көре алады», деді зообақ қызметкерлері.
Зообақтың баспасөз қызметі қонжыққа есім беру үшін әлеуметтік желіде оқырмандардан жақсы нұсқаларды жазып, ұсыныс-пікірлер қалдыруды сұрады.
«Жақсы қойылған атты жыртқыштар бөлімінің аюларға қарайтын мамандары таңдап алады. Нәтижесін бірер күннен соң жариялаймыз», деп қосты зообақ қызметкерлері.