16 Сәуір, 2014

Қылмыстық іс жүргізу кодексі Сенатқа жол тартты

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-parlament-2

Бүгін, 16 сәуір күні Парламент Мәжілісінің кезекті жалпы отырысы болып, онда алты мәселе қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Депутаттар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және оған ілеспе кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру жүйесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасы да бірінші оқылымда қаралып, қызу талқыға түсті. Ал Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы және оған ілеспе кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң депутаттардың орталық атқару органдарына жолдаған сауалдары жарияланды. Жақсыбай Самрат.   Дереккөз: egemen.kz.