16 Сәуір, 2014

Қазақстан медицинасы трансплаттаудың жаңа белесіне көшеді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент-операция-почка-1

Бүгін, 16 сәуір күні Парламент Мәжілісінің отырысында тіндер мен ағзаларды трансплаттау жайы қаралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әңгіме Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау барысында қозғалды. Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында жаңа тәсілдер айқындалып, қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа деңгейі белгіленіп отырғанын ерекше атады. «Негізінен заң жобасының мақсаты – қолданыстағы заңнамалық олқылықтарды жою, денсаулық сақтау жүйесін    жетілдіру және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету», - деді министр. Оның айтуынша, жаңа заңның жобасында тіндерді (тіннің бөлігін) мен ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға қатысты нормалар едәуір жетілдіріліп отыр. Ведомство басшысы трансплантация үдерісін жетілдіру және донорлар мен олардың клиенттерінің құқығын қорғау мақсатында гемопоэтикалық тін жасушыларын транспланттауды реттеу мәселесі қарастырылып отырғанына тоқталды. Тірі донордан ұлпа немесе органды алу тек қана оның жазбаша нотариалдық куәландырылған келісімімен жүзеге асатын болады. Ал гемопоэтикалық тін жасушаларын алуға ондай нотариалдық куәландырылған келісім талап етілмейді. Асқар Тұрапбайұлы. Дереккөз: egemen.kz.