Қоғам • 18 Мамыр, 2022

Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

«Жақын арада қаржылық пирамидалардың тəуекелдері туралы смс-хабарламалар тетігі іске қосылады. Сондай-ақ құқық қорғау жəне мемлекеттік органдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтеді. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жалғасады жəне ерекше бақылауда тұр», деп жазылған Бас прокурордың депутаттарға жолдаған жауабында.

Бас прокуратураның дерегі бойынша, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 6 млрд теңгеден астам ақша салып жіберген. Бұл – кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.

«Соңғы 5 жылда қаржы пирамидалары туралы істерді тіркеу серпіні тұрақсыз (2017 ж - 74, 2018 ж - 103, 2019 ж - 24, 2020 ж - 180, 2021 ж - 160). 2020 жылы өсім байқалған. Бұл кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 7 есе өскен. Келтірілген залалдың сомасы 6 млрд теңгеден асты. Қаржы пирамидаларының сайттарына 680 сілтеме бұғатталды. Банктер операциялардың күшейтілген мониторингіне жəне күдікті клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды бұзуға бағдарланды. Осындай 149 адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды жəне оны орнатудан бас тартылды. Мысалы, «Kaspi Bank» АҚ 40 салымшыны тартып үлгірген «Қара қазан» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қызмет көрсетуді тоқтатты», деп жазылған Бас прокурордың жауабында.