Елорда • 18 Мамыр, 2022

Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді, онда шақырылған сарапшылар референдумда Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді

«Біз бүгінгі қоғамдағы үлкен өзгерістердің куәгері, қатысушысы болып саналамыз. 1995 жылдан бастап алғаш рет бүкілхалықтық талқылауға еліміздің басты заңына өзгерістер енгізу мәселесі шығарылады. Бұл өзгерістердің мәні неде екенін, олардың бізге – қазақстандықтарға не беретінін білу үшін біз осы дөңгелек үстелді ұйымдастырдық.

Қыз-келіншектер өте белсенді. Олар да өз ойын айтып, мемлекеттік маңызы бар істерге үлес қоса алады. Референдум әрбір іскер әйел үшін аса маңызды. Мәселен қала бойынша 160, ал ел аумағында 2 мың кәсіпкер әйел бар», деді Нұр-Сұлтан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәния Ырсалиева.

Оның айтуынша, Қауымдастық мүшелері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты.

«Спикерлердің сөзінен кейін келген жұрттың сұрақтарын қойып, ұсыныстар айтқаны қуантады. Олар референдумға енгізілген түзетулерге келісімін білдірді», деп қосты ол.

«Қазақстан азаматтары азаматтық белсенділік танытып, әр тармағына араласуына, толық құқығын пайдалануға бет алса деймін», деді қалалық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша республикалық референдум өтеді.