Ұлдар арасында Акрамат Долгиев 48 келіде қарсылас шақ келтірмей, Гимназиадада топ жарса, қыздар арасында 49 келідегі Рита Бакишева мен 55 келідегі Азиза Қараджанова жеңімпаз атанды.
Ал 44 келіде Наргиз Мерамбек пен 73 келінің өкілі Бекарыс Бекенов оқушылар сынында қола жүлде иеленді. Осылайша Ұлттық құрамамыз жалпы командалық есепте көш бастады.
Жастар құрамасының аға бапкері Нұрболат Жаңбыровтың айтуынша, әлемдік аламанға елімізден 10 таеквондошы аттанған: 5 ұл және 5 қыз. Барлығы ұлттық құрама мүшесі. Биылғы Гимназиадаға әлемнің 64 елінен 3600 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 17 түрінен және паралимпиадалық үш сыннан жүлдеге таласады.