Отандық банк секторында бірнеше қаржы институтының жұмысын тоқтатқаны белгілі. Клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған 9 банк бар. Олар – «Валют-транзит банк», «Казинвестбанк», Delta Bank, «Эксимбанк Қазақстан», «Астана Банкі», Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, банктер жұмысын тоқтату кезінде қаржы институтына қатысты барлық іс аяқталады және кредиторлар талаптары қанағаттандырылады. Бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін банк жауап беретін еңбекақы төлеу және жеке тұлғалар бойынша талаптар орындалады. Одан кейін кепілдік берілген сома шегінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен есеп айырысу жүргізіледі. Үшінші кезекте, банк мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша шаруалар шешіледі. Төртіншіден, үлестес тұлға болып табылмайтын жеке тұлғалардың ҚДКҚ-ның кепілдік берілген сомасынан асатын депозиттері бойынша, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен және «өмірді сақтандыру» саласында жасалған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады.
Сонымен бірге коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттары (қайырымдылық ұйымдары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер қоғамдары) бойынша; үлестес емес заңды тұлғалардың депозиттері бойынша; салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша; үлестес жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша; реттелген борыш пен мерзімсіз қаржы құралдары бойынша; одан соң қалған кезектерге кірмеген басқа кредиторларға қатысты есеп айырысу жасалады.
Жеке тоқталар болсақ, «Валют-транзит банктің» активтері 11,7 млрд теңгені құрайды, оның 5,6 млрд теңгесі – несие портфелі. Несие портфелі құрылымындағы мерзімі өткен кредиттердің үлесі – 99,9 пайыз. Ал банк міндеттемелері – 50,5 млрд теңге. Тарату комиссиясы бірінші және екінші кезектегі талаптарды толығымен өтеді, қазіргі уақытта банк депозитор-жеке тұлғаларға төленген кепілдік өтемақылар бойынша ҚДКҚ алдындағы талаптарды қанағаттандыру сатысында (үшінші кезек) тұр. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша талаптар 57 пайызға орындалып, 18,3 млрд теңгенің 10,5 млрд теңгесі қанағаттандырылды.
«Қазинвестбанктің» де төленбеген несиелері 99,8 пайызға бір-ақ жеткен. Қаржы ұйымының активтері 7,1 млрд теңге болса, міндеттемелері 131,9 млрд теңгені құрайды. Бұл банк қазіргі кезде екінші, үшінші, бесінші, жетінші кезектердегі талаптарды толығымен қанағаттандырған. Delta Bank-тің мерзімі өткен берешек сомасы 415 млрд теңгеге жеткен (99,9 пайыз).
«Эксимбанк Қазақстанның» активтері – 16,3 млрд теңге, оның 96,5 пайыз негізгі үлесін 66 млрд теңге мөлшеріндегі берешегі бар несие портфелі құрайды. 99,9 пайызы мерзімі өткен қарыздардан тұрады. Міндеттемелер 46,5 млрд теңгені құрайды. Банк бірінші, екінші, төртінші кезектегі кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген.
«Астана Банкінің» активтері 60,1 млрд теңгеге бағаланады, оның 43,6 пайыз негізгі үлесін 26,2 млрд теңге мөлшерінде сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер құрайды. Несие портфелі – 22,5 млрд теңге және 84,9 пайызы мерзімі өткен кредиттерден тұрады. Міндеттемелер сомасы – 81,9 млрд теңге. Банк бірінші кезектегі кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толығымен орындады. Қазіргі уақытта ҚДКҚ алдындағы талаптар (екінші кезек) 37,6 млрд теңгеден 50,8 пайызға немесе 19,1 млрд теңгеге қанағаттандырылды.
Qazaq Banki несие портфелінің 99,3 пайызы мерзімі өткен кредиттерден тұрады екен. Банк міндеттемелері – 81,6 млрд теңге. Қазір банк депозиттерге кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемесін орындап жатыр. Қанағаттандыру пайызы 18,5 пайыз немесе 20,5 млрд теңгенің 3,8 млрд теңгесін құрады. Ал Tengri Bank берешегі 100,9 млрд теңге болыпты. Бүкіл активін қоса санағанда 26,3 млрд теңгеден әрең асады. Міндеттемелері – 59 млрд теңге. Tengri Bank бірінші және екінші кезектер алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеді және қазіргі уақытта үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға кірісті деп мәлімдеді агенттік. Ал активтері 51,5 млрд теңгені құрайтын AsiaCredit Bank несие портфелінің 99,6 пайызы мерзімі өткен кредиттерден қалыптасты. Банк бірінші кезектегі кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толығымен орындап, қазір ҚДКҚ-мен есеп айырысуға кіріскен.
«Сәуір айында агенттікаралық тарату теңгерімін және Capital Bank Kazakhstan кредиторлары талаптарының тізілімін бекітті, олар кредиторлармен есеп айырысуды бастау үшін тарату комиссиясына жіберілді. Аралық теңгерімді бекіту және кредиторлармен есеп айырысудың басталуы туралы ақпарат Capital Bank Kazakhstan ресми интернет-ресурсында орналастырылады (www.capitalbank.kz). Жалпы, кредиторлардың талаптарын одан әрі қанағаттандыру мөлшері банктердің тарату массасына кіретін активтердің сапасына байланысты болады. Таратылатын банктер ақпаратты, оның ішінде банктердің өткізілетін мүлкі туралы ақпаратты өздерінің ресми сайттарында жариялайды», делінген құзырлы орган мәлімдемесінде.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Банктер экожүйесінің дамуы көңіл көншіте ме?
Қаржы • Кеше
GGG – CANELO: Ер кезегі үшке дейін...
Кәсіпқой бокс • Кеше
Amanat медиа сыйлығы: Кіл мықтыдан кім мықты анықталды
Қазақстан • Кеше
Алаш ардақтысын түркі әлемі ұлықтады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар