Білім • 19 Мамыр, 2022

Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік гимназиадаға Қазақстан намысын қорғауға аттанған оқушылар жарыстардың алғашқы 3 күнінде 14 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік гимназиаданың алғашқы 3 күнінде Қазақстан 8 алтын алды

«Өткен аптада біз 250-ге жуық оқушымызды Францияға шығарып салдық. Олар алғаш рет Дүниежүзілік гимназиадаға қатысып, әлемнің 70-ке жуық елінен келген құрдастарымен бақ сынасып жатыр. Жарыстың алғашқы 3 күнінде оқушыларымыз 14 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. Дзюдо, таеквондо және жүзу жарыстарына қатысушылар алтын, жеңіл атлеттер мен дзюдошылар күміс, сондай-ақ дзюдошылар мен таэквондошылар қола жүлдегер атанды», деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр барлық жеңімпазды жеңісімен құттықтады.

«Әр медаль – еңбектің, табандылықтың, еңбекқорлық пен тәртіптің жемісі. Жақсы дайындық деңгейін көрсеткен мұғалімдеріңіз бен жаттықтырушыларыңызға, сондай-ақ қолдау көрсеткен ата-аналарыңызға алғыс айтамын», деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Кеше

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Кеше

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Кеше

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Кеше

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Кеше