Елорда • 19 Мамыр, 2022

Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан полицейлері қала тұрғындарын 3,5 миллиард теңге шығынға батырған қаржы пирамидалары бойынша 10 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды

Биыл елорда тұрғындарының арасында Otbasy men jastardy qoldau qory деп аталатын корпоративтік қорының салымшылары ең көп зардап шеккен. Әлеуметтік жобаның атын жамылып жұмыс істеп жүрген пирамида өз салымшыларына баспана алуға көмектесуді уәде етіп, 100-ден астам адамнан 1,6 млрд теңге жинаған.

Тәртіп сақшылардың айтуынша, мұндай ұйымдардың «торына» көбіне халықтың әлеуметтік осал топтары түседі.

«Қаржы пирамидаларымен күресте халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Күн сайын 102 нөміріне 50-ден 60-қа дейін шағым түсіп, ондаған қылмыстық іс қозғалады. Адамдар миллиондап несие алып, анығына көз жеткізбей, басқалардың қолына тапсыра салады», деді Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов.

Жыл басынан бері пирамидадан зардап шеккендер 47 миллион теңгені ғана қайтара алған. Мамандар бұл мәселені шешу үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру қажет екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Парламент депутаттары қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасына бастамашы болды. Құжат маусым айының соңына дейін қабылдануы тиіс.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше