Елорда • 20 Мамыр, 2022

Нұр-Сұлтан қиылыстарының бірінде қозғалыс сызбасы өзгерді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Кенесары - Мәмбетов көшелерінің қиылысында жол қозғалысының сызбасы өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қиылыстарының бірінде қозғалыс сызбасы өзгерді

«Кенесары - Мәмбетов көшелерінің қиылысындағы «Променад» жаяу жүргіншілер аллеясы орналасқанын ескере отырып, жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіз және ыңғайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жүру бөлігінің өтуі тиісті жол таңбасын салумен және жол белгілерін орнатумен диагональ бойынша ұйымдастырылған», делінген Нұр-Султан ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Полиция департаменті қозғалыстың барлық қатысушыларын енгізілген өзгерістерді назарға алуды және жоғарыда көрсетілген қиылысты кесіп өту кезінде жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарын басшылыққа ала отырып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтауды ескертеді.