Теннис • 22 Мамыр, 2022

Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

11 рет көрсетілді

Қазақстандық жас теннисшілер бірнеше халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы ITF жарысында ақтаулық Даниал Рахматуллаев жекелей сында үздік шықты.

Ол финалда доданың 6-ракеткасы, марокколық Ильяс Фахимді 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Даниал жұптық сында ресейлік Амирхамза Насридиновпен бірге финалға дейін жетіп, тунистік Раен Хамаси - поляк Горан Школаға есе жіберді - 3:6, 4:6.

Түркияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ева Корышева өзінің ірі халықаралық жарыстағы алғашқы титулына қол жеткізді. Ева соңғы бәсекеде тунистік Имис Хомаспен ойнады. Қазақстандық теннисші 5:7, 6:0, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Словенияда 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы осындай жарыста Дамир Жалғасбай жұптық сында швециялық Виктор Райденмен бірге чемпиондық тұғырға көтерілді. Олар финалда аустриялықтар Тило Берман - Флориан Циммерді жеңді - 6:0, 7:6 (7:3).

Жекелей сында жартылай финалға дейін жеткен Дамир аустриялық Т. Берманға жол берді - 4:6, 0:6.

Словенияда тағы бір қазақстандық Софья Исакова Беларусь өкілі Александра Бушенкомен бірге финалист атанды. Титулдық бәсекеде доданың бірінші ракеткалары, ресейліктер Аля Синица - Денеса Солдаковадан айласын асыра алмады - 5:7, 3:6.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Алматыда үшінші вокзал салынады

Аймақтар • Бүгін, 14:59

Доллар арзандады

Экономика • Бүгін, 14:08

Ұқсас жаңалықтар