19 Мамыр, 2010

ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР ЖҰЛДЫЗЫ ЖОҒАРЫ

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ел ішіндегі таланттарды іздеп тауып, халқымыздың асыл қазы­насы – ән мен күйді тереңірек наси­­хаттауды мақсат еткен “Маң­ғыстау жұлдыздары” облыс­тық өнер фестивалі мәресіне жетті. Дәстүрлі фестивальде биыл 2 мыңнан астам адам өз өнерлерін ортаға салды. Аймақта бесінші рет ойдағыдай өткен байқаудың жүл­дегерлері әдеттегіден көп болды. Ұлы Жеңіс­тің 65 жылдығы құр­меті­не жүлде­герлерге халқы­мыздың қаһарман ұл-қыздары Б.Мо­мышұлы, Р.Қош­қарбаев, Х.Дос­­панова, М.Сүйеубаев, М.Бе­генов сияқты батырлар атын­дағы жүл­делер белгіленгені құп­тарлық деуге болады. Сөйтіп, бұл жылғы бас жүлдеге жа­ңа­өзендік өнерпаздар ие болып, олар­ға автокөліктің кілті табыс етілді. Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы.