Қоғам • 23 Мамыр, 2022

Министрлік төлқұжатқа неліктен чип қойылатынын түсіндірді

4089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көші-қон қызметі қазақстандық төлқұжатта чиптің қандай мақсатта қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік төлқұжатқа неліктен чип қойылатынын түсіндірді

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты түсінік берді. Бейнежазбада паспорттағы чиптің азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға арналғаны айтылады.

«Электрондық төлқұжат әлемнің көптеген елдерінде енгізілген. Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген», деді ІІМ өкілі арнайы баспасөз мәслихатында.

Ведомство өкілі сондай-ақ төлқұжаттағы чип азамат шекарадан өткен кезде ғана арнайы құрылғының көмегімен тексерілетінін айтты.