«Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңіне жүзден астам оқушы қатысып, бақ сынады. Білім мен білік таразы басына тартылған кезде ұлағатқа ынтықтардың ұмтылысының көптігі менмұңдалап тұрды.

Облыс орталығындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта жоғары сынып оқушылары арасында байрақты бәсеке өтті. Мазмұнды іс-шараның ұйымдастырушысы – облыстық білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы. Алты аталым бойынша өткен шығармашылық байқауда Астрахан, Бурабай, Зеренді, Аршалы аудандары мен Степногорск қаласынан қатысқан жасөспірімдер өз бойларындағы білім мен білікті жарқыратып көрсетіп, ұлы хакімнің ұлағатын қаншалықты сіңіргендіктерін айқын аңғартып, көш бастады.
Әсіресе, Астрахан ауданынан келген Оразалы Ханат пен Айым Рамазан алғашқы екі аталым бойынша өзге құрбыларынан оқ бойы озып шықты. Ал «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» аталымында бурабайлық Іңкәр Дәулет, «Көңілім әнді ұғады» аталымында зеренділік Ақерке Закер тұла бойларындағы талант ұшқынын танытты. Аршалылық Зейнеп Сағынтай мен Степногорск қаласынан келген Ділназ Сағайқызы да ерен жүйріктер қатарынан көрініп, жақсы қырларынан танылды.
Кіл жүйріктер жиналған білім бәйгесінде маңдайы жарқырап, топтан озған жасөспірімдер «Абай оқуларының» республикалық кезеңіне жолдама алды. Ең бастысы, ұлы Абайдың ұлағатын енді қайтып өшпестей етіп зерек көңілге тоқыған жүзден астам өреннің бойындағы ұмтылысты көріп, келер күндердің көкжиегіне деген сенімді еселедік. Түйсіне білгенге аз олжа емес-ау.
Көкшетау
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар