Білім • 23 Мамыр, 2022

Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді

586 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы №49 мектепке Алаш ардақтысы Қошке Кемең­герұлының есімі берілді. Оқу ошағына Алаш қайраткері, жазу­шы, драматург, әдебиетші, тілші, тарихшы, көсемсөз шебері Қош­ке Кемеңгерұлы есімінің бері­луі­н­е байланыс­ты халықаралық ғылы­ми-теориялық конференция өтті. «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» атты салтанатты іс-шара­ға қаламгер Қошке Кемеңгерұлы ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, ата-аналар қауым­дастығы қатысты.

Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді

Жиында Мәжіліс депутатта­ры Қазыбек Иса, Аманжол Әлтай, Ш.Шаях­метов атындағы «Тіл – қазы­на» орталығының дирек­торы Ербол Тілешов, Нұр-Сұл­тан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Павло­дар облысының білім беру басқа­р­масы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ.Кемеңгерұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры Ма­диян Кабдуова, Қазақстан Жазу­шылар одағы Нұр-Сұлтан қала­лық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қа­ты­сып, құт­тықтау сөздерін айтты.

Конференцияда ҰҒА акаде­мигі Дихан Қамзабекұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қа­зақ әдебиеті кафедрасының про­­фес­­соры Серік Негимов, М.Әуе­зов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының бас ғы­лы­ми қызметкері Гүлжаһан Орда, филология магистрі, Еге уни­вер­ситеті Түрік әлемін зерттеу институтының қызметкері Ди­ляра Гокче, әдебиеттану бо­йынша PhD докторы Бекарыс Нұриман, т.б. ғалымдар мен зерт­теу­шілер баяндама жасады.

Келген қонақтарға білім орда­сының басшысы Арай Мұха­метжанова мектеп­тің жетістіктері мен инновациялық және шығар­машылық жұмыстардың көрме­сімен таныстырды. Осыдан соң Қошкетану орталығында қалам­гер мүсіні­нің салтанатты түрде ашылуы болды.

Мүсінді ашу  құрметі Қошке Кемеңгер­ұлының немересі, ардагер ұстаз, «РФ Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің ие­гері Ризабек Нарманбетұлы мен қазақ жерін Лениннің алдында қорғап, шекарасын шегендеген Әлімхан Ермекұлының, заңгер, этнограф Жақып Ақбаевтың және халық композиторы, өткір тілді суырып салма ақын Иманжүсіп Құтпанұлының ұрпақтарына берілді.

Ғылыми конференция соңын­да қарар қабылданып, бекі­тілді. Конференциядан кейін мек­тептің талантты оқушылары Қош­ке туындыларын мәнеріне келтіре оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанат Егінбайқызының жетек­ші­лігі­мен мектептің жас мамандарынан құралған «Жас қанат» театрының әртістері Қошкенің 1926 жылы Қызыл­орда қаласында Мемлекеттік ұлт театры­ның ресми ашылуында қойылған «Ал­тын сақина» пьесасын сахналады. Салтанатты іс-шара Қошке ұрпақтары және мектеп­тің домбырашылар ансамблінің орын­дауындағы күмбірлеген күймен түйін­делді.